Жаңалықтар

Мөлдір Мұқанованың сұхбатынан кейін Тұрсынбек Қабатов ел күтпеген әрекетке барды (ВИДЕО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
Мөлдір Мұқанованың сұхбатынан кейін Тұрсынбек Қабатов ел күтпеген әрекетке барды (ВИДЕО)
әлеуметтік желіден. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов

Мөлдір Мұқанова атышулы сұхбатынан кейін бұрынғы күйеуі, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қандай реакция танытқанын ашық айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Продюсердің айтуынша, сұхбат жарияланған соң Тұрсынбек ең алдымен балаларымен байланысқа шыққан. Әсіресе шетелде оқып жүрген қызы Әдемімен сөйлескен сәті ерекше әсерлі болған.

"Сұхбаттан кейін балаларға хабарласты. Балаларымен сөйлесті. Әдемі басқа елде оқып жатыр. Папасы жүрегі елжіреп, дауысы дірілдеп сөйлескен. Рахметін айтқан. Әдемі: "Папа не үшін рахмет айтып жатырсың? Сіз менің әкемсіз. Мен де сізді сағындым. Хабарласқаныңызға сізге рахмет», – деп жауап беріпті", – деді Мөлдір.

Мөлдір Мұқанованың айтуынша, бұрынғы күйеуінің балалардың нөмірін бір уақытта бұғаттап тастағаны үшін оны кінәламайды.

"Негізі, жүрегі кең адам. Уақытша қателік. Сол уақытта телефондары блокқа кетті деп айттым. Ол сәтте мен қасында болмадым. Сондықтан Тұрсынбектің өзі блоктады ма, әлде, қасындағы адамдар блогтады ма, біз білмейміз. Мен тек фактіні айтамын", – деп түсіндірді ол.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz