Шоу-бизнес

Тұрсынбек Қабатов концертінде ел күтпеген сөзді айтып, таңғалдырды

Тұрсынбек Қабатов концертінде ел күтпеген сөзді айтып, таңғалдырды
әлеуметтік желіден. Суретте: Тұрсынбек Қабатов

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Хромтауда өткен концертінде қазіргі жағдайына байланысты айтқан әзіл-шыны аралас сөзімен залды ду күлдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Шығармашылық кештің ортасында ол соңғы уақыттағы өзіне қатысты шудан кейінгі көңіл күйімен бөлісті.

"Бұрын бір-біріміздің үйіне барып, шай ішіп отырып сериал талқылайтын едік. Қазір оған да уақыт жоқ. Барлық сериалдар — Инстаграмда. Бірде актриса Дариға Бадықоваға байланысты шу болды, одан кейін маған келді. Әлі содан шыға алмай жүрмін. Түрлеріңізден көріп тұрмын, бәріңіз: 'Қашан айтады?' деп отырған сияқтысыздар. Біліп тұрмын. Хромтауда не істеп жүрсіңдер десеңіздер — қашып келдім. Сіздерге мың алғыс! Өмірімді емес, өнерімді бағалап келгендеріңіз үшін рақмет", — деді әзілкеш.

Әлеуметтік желі қолданушыларының реакциясы да екі түрлі болды: бірі актерді сынаса, енді бірі жақтап отыр.

Желіде қалдырылған пікірлердің бір бөлігі былай дейді:

"Қатты әбіржіп, қартайып кетіпті"

"Өмір басқа, өнер басқа. Халық соны шатастырмауы керек. Біз өнерін бағалауымыз керек"

"Елді алғаш жеп-жеңіл әзілмен жалғыз өзі күлдірген — осы кісі"

"Он қатын алса да жарасады, нағыз ер азамат"

"Жаман қартайып кетіпті. Төкайлылық оңай емес. Ел аралап, бала-шағаға қарап, құда күтіп отыратын жаста ғой"

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz