Жаңалықтар

Мөлдір Мұқанова неліктен бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатов жайлы сұхбат берді?

Мөлдір Мұқанова неліктен бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатов жайлы сұхбат берді?
әлеуметтік желіден. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов

Журналист Жанар Байсеміз продюсер Мөлдір Мұқанованың Тұрсынбек Қабатовпен ажырасуына қатысты алғаш рет ашық сөйлеуінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Жанар Байсеміздің айтуынша, Мөлдір мен Тұрсынбектің отбасылық жағдайы – қоғамдағы кез келген жанұяның мәселесімен өзара сабақтас.

"Отбасы, бұл – құндылық. Мөлдір мен Тұрсынбектің отбасы Қазақстаннан бөлек отбасы емес. Қазақстандағы отбасы. Отбасы – шағын мемлекет. Мемлекетті отбасы құрады. Өзінің деңгейін жоғары қоятын адамдар неге ол жағын ойланбайды? Осы сұхбаттан кейін, қаншама әйел Мөлдірге де, маған да жазып жатыр. Мұндай жағдайда жүрген қаншама отбасы бар", – деді Байсеміз.

Журналисттің сөзінше, Мөлдір Мұқанова ұзақ уақыт бойы ешқандай мәлімдеме жасамауға тырысқан. Оны әртүрлі медиа өкілдері бірнеше рет сөйлетуге талпынғанмен, продюсер барлығына үнсіз қалған.

"Мөлдірге хабарласқан журналистер өте көп болған. Бұл мәселе жан-жақтан гу-гу әңгіме болды. Әр жаққа барғанда, бұл сұрақтарды Мөлдірге қойды. Бірақ ол ештеңе жарияламаймын деді. Арада біраз уақыт өтті. Ол дүние ушығып кетті. Ол кісінің шыдамының шегі таусылды. Төзімі таусылды. Сосын "кешке хабарласып: бәрі сұрап жатыр, сізге сұхбат бергім келеді" деді. Алдында мен шақырғанмын. Мені таңдады", – дейді журналист.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz