KZNews.kz
Саясат

Мемлекет басшысы Жапонияға ресми сапармен барады

Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

18–20 желтоқсан күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады, деп хабарлайды kznews.kz.

Сапар бағдарламасы аясында Мемлекет басшысының Жапония Императоры Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ елдің іскерлік қауымдастығы өкілдерімен бірқатар маңызды кездесулері жоспарланған.

Сонымен қатар Президент Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» форматындағы саммит жұмысына қатысады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →