Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті саммитіне қатысты. Жиынға Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Владимир Путин және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысты, деп хабарлайды kznews.kz.

Саммит аясында мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі бағыттарды талқылады. Ресми делегациялар қатысқан кеңейтілген құрамдағы отырыста ұйымның биылғы жұмысы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған басымдықтар айқындалды.

Президенттер ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы қызметін аяқтап жатқан Иманғали Тасмағамбетовке алғыс білдірді. Сонымен қатар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жыл мерзімге Бас хатшы қызметіне Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыковты тағайындау туралы шешім бекітілді.

Саммит қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданып, ұйымға мүше мемлекеттердің мүддесіне сай ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.