Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мемлекет басшысы цифрлық шешімдер көрмесіне барды

Мемлекет басшысы цифрлық шешімдер көрмесіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы аясында ұйымдастырылған цифрлық шешімдер көрмесімен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 
Ustem Foundation қоғамдық қоры, Freedom Bank, Yandex Qazaqstan, Kaspi Bank, «Қазақтелеком» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ және басқа да отандық жетекші компаниялар мен ұйымдар ЖИ саласындағы жобаларын көрмеге қойған.
Экспозициялар білім беру, мәдениет, логистика, «ақылды қала» технологиялары секілді ауқымды бағыттарды қамтыды.
Сонымен қатар туристік онлайн қызметтері, генеративті ЖИ платформалары, В2В-агенттері мен AITU отандық мессенджері таныстырылды.
Көлік бағытында жаңа буынды 5G базасында тасымалды басқару мен телекоммуникацияға арналған ЖИ негізіндегі кешенді жүйелер көрсетілді.
Аталған іс-шара еліміздегі цифрлық технологияның қарқынды дамуын, сондай-ақ жасанды интеллектінің ұлттық экожүйесін қалыптастыруға отандық бизнес пен институттардың қосқан үлесін паш етеді. 

Айта кетелік Президент Жасанды интеллектіні дамыту кеңесінің алғашқы отырысын ашқан еді. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.