Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстауда тағы бір сарбаз бензинге уланып көз жұмды

Маңғыстауда тағы бір сарбаз бензинге уланып көз жұмды
Фото: depositphotos.com

Қайғылы оқиға 2025 жылдың 6 қазанында “Үстірт” шекара бекетінде болған. Ресми мәліметке сәйкес, кешкі сағат 21:10 шамасында бөлімше бастығы, капитан Асу К. сарбаз Еркебұлан Сағындыққа дизель генераторының радиаторын жуу үшін бензин әкелуді тапсырған. Алайда, сарбаз жанармай сақтайтын орында буға уланып, есінен танып қалған.

Оны 10 минуттан кейін электрик-дизелист тауып алған. Капитан алғашқы көмек көрсеткенімен, сарбаздың жағдайы тым ауыр болған. Дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, Еркебұлан Сағындықтың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Қайғылы оқиғаға байланысты Ақтау гарнизонының әскери полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы (“Қызметтік міндеттерге салғырт қарау”) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Марқұм Еркебұлан Сағындық 2005 жылы Қызылорда қаласында туған, 2025 жылдың көктемінде әскер қатарына шақырылған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.