"Өзіміздікі - өндірістікі": 83 тауар түрі бойынша импорттың үлесі азайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстауда автобус мұнайшыны қағып кетті: ер адам оқиға орнында көз жұмды

фото: ашық дереккөз

Қайғылы оқиға сағат 11:30 шамасында Ақтау – Қаламқас тасжолының 170–171-шақырымында болған.

Маңғыстау облысында ер адам аялдама маңында жолдан өтіп бара жатқанда вахталық автобустың астына түскен, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған kznews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Daewoo автобусы Қаражанбас кен орнына қарай бағыт алған. Алған жарақаттарынан мұнайшы оқиға орнында көз жұмды.

Полиция департаментінің мәліметінше, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Автобус арнайы тұраққа қойылған. Қазір тергеушілер жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус арнайы тұраққа қойылды. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп мәлімдеді полиция.

Айта кетейік, өңірде бұған дейін де вахталық көліктердің қатысуымен жол апаттары болған. 2024 жылдың қарашасында Қаражанбас – Ақтау тасжолында мұнайшылар мінген автобус жылқымен соқтығысқан. Салдарынан бірнеше жұмысшы жарақат алып, олардың бірі екі аяғы сынған күйде ауруханаға жеткізілген.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.