Түркістанда екі жасар бүлдіршін суға батып кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстауда сарбаз өліміне байланысты бөлімше басшысы сотталды

Маңғыстауда сарбаз өліміне байланысты бөлімше басшысы сотталды
Маңғыстау облыстық ПД

Маңғыстау облысында «Үстірт» шекара бөлімшесінің бастығы сарбаздың өліміне байланысты екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға 2025 жылғы 6 қазанда болған. Тергеу деректеріне сәйкес, Маңғыстау облысындағы бөлімше басшысы істен шыққан дизель агрегатын тазалау жұмысын екі сарбазға тапсырған.

Сотта анықталғандай, кешкі сағат 19:40 шамасында қауіпсіздік талаптары сақталмай, жарықсыз әрі арнайы құралдарсыз бензинмен тазалау туралы бұйрық берілген. Қоймаға екі канистрмен кірген қатардағы жауынгер Еркебұлан Сағындық бензин буына уланып, есінен танып қалған.

Ол шамамен 20 минут бойы сол күйінде жатқан. Кейін екінші сарбаз жағдайды байқап, өзге әскери қызметкерлерді көмекке шақырған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, жауынгер есін жимастан көз жұмды.

Сот үкіміне сәйкес, айыпталушыға ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау бабы бойынша айып тағылған. Сот оның техниканың ақаулы екенін және жұмыстың түнгі уақытта, тиісті жабдықсыз жүргізілгенін біле тұра заңсыз бұйрық бергенін анықтады.

Айыпталушы сот барысында кінәсін толық мойындаған. Ол өзін бас бостандығынан айырмауды сұраған.

Марқұмның анасы да сотта сөз сөйлеп, айыпталушының ата-анасы кешірім сұрап, материалдық көмек көрсеткенін айтып, жеңіл жаза тағайындауды өтінген.

2026 жылғы 26 наурызда Ақтөбе қаласының соты бөлімше басшысын кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді.

Сонымен қатар сот үкімімен ол марқұмның анасына моральдық шығын ретінде 10 млн теңге төлеуге міндеттелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.