"1,5 сағаттық жұмысты 1,5 минутта орындайды": Қазақстанда мұғалімдерге арналған ЖИ агенті жасалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Жарық қайда?!“ Астанада әкімдікке келген әйел желі жұлдызына айналды

“Жарық қайда?!“ Астанада әкімдікке келген әйел желі жұлдызына айналды
фото: ашық дереккөз

Қазнетте елорда әкімдігінде түсірілген ролик тарап жатыр. Ондағы басты кейіпкер - коммуналдық мәселені шешу үшін қолына кішкентай баласын ұстап келген Астана тұрғыны.

Астана тұрғыны үйінде жарық жоқ екеніне шағымдану үшін әкімдікке баласымен келді. Әйел бұл мәселені қызық эмоциямен жеткізгені сондай - оның видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті, деп хабарлайды kznews.kz

Кадрларда әйел бірден іске көшіп, қызметкерден неге шенеуніктердің кабинеттерінде жарық барын, ал оның үйінде жоқ екенін сұрайды.

"Неге сендерде жарық бар?! Неге бізде жарық жоқ? Себебі бұл жерде әкім отырады", - дейді әйел.

Кадр сыртында қызметкер одан мекенжайын нақтылайды. Жарық "Өндіріс" тұрғын алабында (Сарайшық ауданы) сөнгені белгілі болды.

Желі қолданушыларының реакциясы

Ролик әлеуметтік желіде тез тарады. Желі қолданушылары бұл видеоға түрлі пікір білдірді: бірі күлсе, енді бірі әйелдің тік мінезіне тәнті болды. Тіпті кейбіреулер оны киноға түсіруді ұсынды.

"Тура бір әзіл-ысқақ шоуының сахнасында тұрғандай", "Банкке де осылай барып, "Неге сіздерде ақша бар, бізде жоқ?" деп наразылық білдіру керек шығар", "Мынау әйел көңіл күйімді көтерді", "Тіпті ұрысқанның өзінде мейірімді көрінеді", "Дұрыс сұрақ қойды. Неге оларда жарық жоқ, ал әкімдікте бар?", "Сондай сүйкімді екен. Екіге буған шашы ше?", "Нағыз актриса", "Оны тез арада депутаттыққа өткізуді ұсынамын, ол кез келген мәселені тез шешеді", - деп жазды желі қолданушылары.

Әкімдік не деді?

Мән-жайды анықтау үшін Сарайшық ауданы әкімдігіне хабарласып, түсініктеме алдық. Әкімдік өкілдері видеоның 2026 жылы 5 қарашада түсірілгенін хабарлады. Сол күні "Өндіріс" тұрғын алабында жұмыстар жүргізіліп, соған байланысты электр энергиясы уақытша өшірілген.

"2026 жылғы 5 қарашада №13-18 бағаналарда кабель қондырғыны монтаждау жұмыстары жүргізілуіне байланысты Коммуналдық шаруашылық басқармасы сағат 09:00-ден 16:30-ға дейін электр энергиясын уақытша өшірді", - деді ведомство өкілдері.

Бұл шектеу тұрғын алаптағы бірнеше көшені, соның ішінде Бәйшешек, Көкжелек, Бұлбұл, Ер Көкше, Сарын, Қызан, Теміртау, Қызылкөл көшелерін, Абылай хан даңғылын және басқаларын да қамтыған.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.