"Халық кеңесін" кім басқарады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда автобус қағып кеткен әйел көз жұмды

Алматыда автобус қағып кеткен әйел көз жұмды
Фото: Видеодан скрин

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 12 тамыз сағат 12:20 шамасында Бостандық ауданында болған, деп хабарлайды kznews.kz.

— Жеке тасымалдаушыға тиесілі автобустың жүргізушісі Мұстафин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, көшені шығыс бағытта кесіп өткен 1996 жылы туған әйелді қағып кеткен, — деп хабарлады полиция департаментінен.

Алған жарақаттарына байланысты әйел оқиға орнында қайтыс болды. Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша полицияның Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.