"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Караоке барда ішіп алып, бойжеткенді боқтаған: ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы жұмыстан қуылды

Караоке барда ішіп алып, бойжеткенді боқтаған: ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы жұмыстан қуылды

Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының басшысы мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіргені үшін жұмыстан қуылды.

Наурыз айының соңында әлеуметтік желілерде ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы Мирас Жұмагұловтың Өскемендегі караоке-барлардың бірінде ішімдік ішіп алып, бойжеткенге тіл тигізгені туралы ақпарат тарап кетті. Облыстық Полиция департаменті аталған фактіні растаған болатын.

«30 наурызда сағат 05:00 шамасында қоғамдық орында мас күйде өзге адамның қадір-қасиеті мен ар-намысына нұқсан келтіргені үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылды», - делінген мәліметте.

Сондай-ақ аталған фактіге орай Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті тексеру жүргізді. Әдеп жөніндегі кеңесте Мәдениет басқармасының басшысына қатысты тәртіптік іс қаралып, кеңес мүшелері оны жұмыстан шығару туралы облыс әкіміне ұсыныс жасады.

13 сәуір күні аймақ басшысы Даниал Ахметов Мирас Жұмагұловты қызметінен босатты.

Автор
Еркебұлан