Израиль Президентінің сапары Қазақстанға қандай пайда алып келеді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Интимді видео дауы: Ақтаулық асаба тағы да ел алдына шықты

Интимді видео дауы: Ақтаулық асаба тағы да ел алдына шықты
ozgeris.info

Ақтаулық асаба Хан әлеуметтік желіде тараған интимді видеоға байланысты туындаған жағдайдан кейін алғаш рет пікір білдіріп, отбасына түсіп жатқан қысымға қатысты үн қатты. Бұл туралы Ozgeris.info хабарлайды.

Асаба ең алдымен көпшілікке жұбайына бағытталған жағымсыз пікірлерді тоқтатуды сұрады. Оның айтуынша, бұл жағдай әйеліне ауыр соққы болған.

"Қазір әйеліме өте қиын. Егер сын айтқыларыңыз келсе, маған айтыңыздар. Мен көтеремін. Өтінемін, оған тиіспеңіздер. Ол ештеңеге кінәлі емес", – деді ол.

Сондай-ақ ол анасының келініне деген көзқарасы өзгермегенін, отбасында түсіністік бар екенін жеткізді.

Желіде асаба 16 жастағы мобилографтың отбасынан 8 миллион теңге талап етті деген ақпарат тараған. Алайда ол бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Мен ешқандай ақша сұраған жоқпын. Барлығы сот арқылы шешіледі. Әйелімнің абыройы бәрінен қымбат. Мұндай мәселеде ақша ештеңені шешпейді", – деді асаба.

Ол сондай-ақ әлеуметтік желіде тараған жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.

Асаба өзіне бағытталған сындарға да жауап беріп, жетістікке өз еңбегімен жеткенін айтты. Оның сөзінше, ол бала кезінен еңбекке араласқан.

"Мен бәріне өзім жеттім. Ауылда түрлі жұмыс істедім. Бүгінде Instagram арқылы табыс тауып, отбасымды асырап отырмын", – деді ол.

Желі қолданушылары оның қала ауыстыру жоспарына да қызығушылық танытқан. Асаба бұл сұраққа нақты жауап бермей, алдымен қазіргі жағдайдың шешілуі маңызды екенін жеткізді.

"Бәрі мүмкін. Бірақ алдымен осы мәселені соңына дейін жеткізу керек", – деді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер