Көпшілікке "Хан" лақап атымен таныс асаба, тамада Қасым Өтешев 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz.
Сайт мәліметінше, мұндай шешім оның жұбайы Алмаға қатысты шығарылған қорғаныс нұсқамасының талаптарын бұзуына байланысты қабылданған.
Ақпаратқа қарағанда, мамыр айының ортасында полиция Қасым Өтешевке жұбайына жақындауға және онымен байланысқа шығуға тыйым салатын қорғаныс нұсқамасын берген. Алайда арада бірнеше күн өткен соң ол Алманың үйіне барған.
Сол жерде ерлі-зайыпты арасында жанжал туындағаны айтылады. Оқиға орнында болған құрбысының сөзінше, әңгіме тез арада дау-дамайға ұласып, тараптар бір-біріне ауыр сөздер айтқан.
Осылайша, әлеуметтік желіде талқыланған отбасылық жағдай Қасым Өтешевке қатысты әкімшілік іске ұласты. Қорғаныс нұсқамасын бұзғаны үшін ол 10 тәулікке қамауға алынды.
Мәліметке сүйенсек, тамада жақын күндері бостандыққа шығуы тиіс.