Ақтау қаласында "Хан" лақап атымен танымал асаба мен оның жұбайы Алма әлеуметтік желіде тараған даулы видеоға қатысты алғаш рет ресми мәлімдеме жасап, блогер Жан Ахмадиевке арнайы сұхбат берді, деп хабарлайды kznews.kz.
Соңғы күндері желіде кең тараған бейнежазба қоғамда қызу пікірталас туғызған болатын. Қолданушылар арасында түрлі көзқарастар айтылып, оқиғаға қатысты әрқилы бағалар берілуде.
Блогер Жан Ахмадиев өз парақшасында жариялаған жазбасында бұл жағдайға біржақты баға беруден аулақ екенін атап өтті.
"Бүгінде ел арасында қызу талқыға түскен "видеоның" кейіпкерлері, ерлі-зайыптылар Хан мен Алма бізге арнайы сұхбат берді. Тараған видеоға қатысты түрлі пікір айтылып жатыр. Бірақ шындық әрқашан бір жақты болмайды… Біз ешкімді ақтамаймыз да, даттамаймыз. Тек болған жағдайды өз аузынан жеткізуді жөн көрдік. Сіз қалай ойлайсыз?" – деп жазды Жан Ахмадиев.