"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Хромтауда жарылыстан үй құлап, 7 адам ауруханаға жеткізілді

Хромтауда жарылыстан үй құлап, 7 адам ауруханаға жеткізілді

Хромтау ауданы, Ақжар ауылында жеке үйде жарылыс болып, кіреберіс бөлме құлап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 16:00-де Хромтау ауданы Ақжар ауылында үйде жарылыс болып, кіреберіс құлап қалды. Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімінің бригадасы жіберілді.

«Төтенше оқиға кезінде Хромтау қаласының ауруханасына 7 адам жеткізілді. Оның ішінде үшеуі бала. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауырлықта. Қазіргі уақытта бәрін дәрігерлер өз бақылауына алды»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін Ақтөбе қаласында көпқабатты үйде пәтер өртенді.

Автор
Еркебұлан