Иран футболшылары АҚШ-қа «168» деген ерекше сыймен келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ҰҚК: терроризмге қатысты айыппен 13 адам жазаланды

ҰҚК: терроризмге қатысты айыппен 13 адам жазаланды
Фото: ашық дереккөздерден

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, өткен сәуір-мамыр айларында терроризм және экстремизм қылмыстары бойынша тергелген істер аясында 13 адамның кінәсі дәлелденіп, түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Мысалы, сотталғандардың бірі Астана қаласының тұрғыны болған. Тергеу деректеріне сәйкес, ол әлеуметтік желілерде террористік идеологияны насихаттап, айналасындағы адамдарды террористік белсенділік аймақтарына баруға үгіттеген. Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Тағы бір сотталған азамат Шымкент қаласының тумасы. Ол Қазақстанда теократиялық мемлекет құру идеяларын дәріптеп, терроризм идеологиясын таратқан. Сот шешімімен оған 7 жыл түрме жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сәуір-мамыр айларында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстары мен Абай облысында осыған ұқсас қылмыстарға күдікті ретінде адам ұсталды. Олардың қатарында екі шетелдік азамат және шетелден экстрадицияланған үш қазақстандық бар.

Күдіктілер интернетте және өз ортасында экстремистік материалдарды таратуға, азаматтарды террористік белсенділік аймақтарына шығуға шақыруға, сондай-ақ өз көзқарастарын қолдамайтын адамдарға қарсы зорлық-зомбылыққа үндеген деген күдікке ілінген.

Соңғы жылдары құқық қорғау органдары экстремистік және террористік идеологияның негізгі таралу алаңы ретінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді жиі атап келеді.

Сондықтан қауіпсіздік органдары мұндай контентті тарату мен насихаттауға қатысты жауапкершіліктің күшейтілгенін тағы да ескертеді.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.