9 қазаннан бастап мектепте телефон пайдаланудың жаңа тәртібі күшіне енеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы жансақтау бөлімінде жатыр

Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР-нің халық артисі, әншi, композитор Ескендір Хасанғалиев коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біржан Хасанғалиевтің айтуынша, оның анасы да жансақтау бөлімінде жатыр.

"Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер айтқан "жағдайы тұрақты" деген сөзі көп үміт және сенім береді", - деді Біржан Хасанғалиев.

Айта кетейік, 10 сәуірде Біржан Хасанғалиев ата-анасы коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын.

 
Автор
Еркебұлан