Бектенов: Қазақстанның кез келген азаматы цифрлық инвестор бола алады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Мені ұрып тастасаңыз болады”: Данияр Елеусінов пен Еркебұлан Тоқтар сөзге келіп қалды

“Мені ұрып тастасаңыз болады”: Данияр Елеусінов пен Еркебұлан Тоқтар сөзге келіп қалды
Фото: kursiv.media

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар арасында әлеуметтік желіде пікір қайшылығы пайда болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Дауға Данияр Елеусіновтің әлеуметтік желідегі жазбасы себеп болған. Ол Еркебұлан Тоқтарды хайп қуып, назар аударуға тырысады деп сынаған.

Бұған жауап берген Еркебұлан Тоқтар Instagram парақшасында видео жариялап, Олимпиада чемпионының сөзіне көңілі қалғанын жеткізді. Файтердің айтуынша, Елеусінов оны бұған дейін де бірнеше рет сынаған. Алайда мұндай қарым-қатынасқа не себеп болғанын түсінбейтінін айтты.

«Данияр Елеусінов ағамыз менің фотомды салып, “хайп қуған” деп жазған. Мен оған не істеп қойғанымды білмеймін. Бір емес, бірнеше рет осылай айтты. Бұл – Олимпиада чемпионы, менің деңгейіме түсетін адам емес», – деді Тоқтар.

Сонымен қатар файтер боксшыға ашық түрде үндеу жасап, егер мәселені күшпен шешкісі келсе, «Ruh Fighting» турнирінде кездесуге дайын екенін мәлімдеді.

«Егер мені ұрғыңыз келіп тұрса, “Ruh Fighting»-ке келіп, ұрып тастасаңыз болады», – деді Еркебұлан Тоқтар.

Әзірге Данияр Елеусіновтің файтердің бұл мәлімдемесіне берген жауабы жарияланған жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.