KZNews.kz
Қоғам

Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің финалына шықты

Торғын Абушахман

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына жолдама алды. Бұл туралы Kznews.kz хабарлайды.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы италиялық Жасмин Паолиниден басым түсті.

Матч екі сетке созылып, Рыбакина 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Финалда Елена Рыбакина Ресей өкілі Екатерина Александровамен кездеседі.

Финалда Рыбакина Ресей өкілдері Диана Шнайдер мен Екатерина Александрова арасындағы кездесудің жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды.

Бұған дейін ресейлік теннисші, әлемнің 14-ракеткасы Даниил Медведев Almaty Open ATP 250 турнирінің финалына шыққан болатын.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →