Парақорлық көбейген: ҰҚК маусым айында 125 құқық бұзушылықты анықтады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Елена Рыбакина Токиодағы турнирді сәтті бастады

Елена Рыбакина Токиодағы турнирді сәтті бастады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Жапония қаласындағы өтіп жатқан WTA 500 турнирінің алғашқы кезеңін сәтті бастады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рыбакина 1/8 финалда әлемдік рейтингтегі 22-орындағы Канадалық Фернандеспен өзара мықтыны анықтады.
1 сағат 28 минутқа созылған тартыстың екі сетінде де Елена басым түсіп - 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Осылайша Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды. Ол енді бұл турнирдің ширек финалынан сүрінбей өтсе, қараша айында Сауд Арабиясында өтетін Эр-Рияд WTA турниріне қатысу мүмкіндігіне ие болмақ.. Айта кетейік, Токио турнирінің жүлде қоры — 1 064 510 доллар. Ал жарыстың жеңімпазы 164 мың доллор сыйақы мен 500 рейтингілік ұпайға ие болады.  Естеріңізге салсақ, Елена  Рыбакина соңғы рет Қытайда өткен турнирде топ жарған.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.