“Екінші Шымкент, мамбеттер”: депутаттыққа кандидаттың аудиожазбасы халықтың ашуына тиді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Қазатомөнеркәсіптен" тағы бір топ-менеджер кетті

"Қазатомөнеркәсіптен" тағы бір топ-менеджер кетті
фото: ашық дереккөз

Компанияның хабарлауынша, Дархан Сағындықовтың өтініші негізінде және корпоративтік рәсімдерге сәйкес директорлар кеңесі оның басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы 2026 жылғы 27 қарашада басшылық құрамындағы тағы бір өзгеріс туралы мәлімдеді. Компанияның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор Дархан Сағындықов 2026 жылғы 26 қарашада өз еркімен қызметінен кеткен, деп хабарлайды kznews.kz

Дархан Сағындықов 1985 жылы туған. Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, Қазақ спорт және туризм академиясын, сондай-ақ Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы "Самұрық-Қазына" корпоративтік университетінде бастаған. Сол жылы "Самұрық-Қазына" АҚ-ның Сатып алуды ұйымдастыру департаментінде аутсорсинг секторы бойынша менеджер қызметін атқарған.

2011-2022 жылдары "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС, "Самұрық-Қазына" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ және "Кедентранссервис" АҚ компанияларында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Атап айтқанда, сатып алуды бақылау және талдау департаментінің, ақпараттық мониторинг департаментінің бас менеджері, сатып алу әдіснамасы және мониторингі департаментінің (қазақстандық қамту департаменті) менеджері болған. Сондай-ақ коммерция департаментін, сатып алудағы бағаларды мониторингілеу және маркетинг департаментін басқарған. Бұдан бөлек, қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор (CEO-1), басқарма төрағасының кеңесшісі және сатып алу мен жабдықтау департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2022 жылғы шілдеден 2023 жылғы қазанға дейін KMG International (Rompetrol) компаниясында сатып алу тобының директоры (Group Procurement Director) болған.

2023 жылғы қарашадан 2024 жылғы ақпанға дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ әкімшілік аппаратының басшысы қызметін атқарды. Ал 2024 жылғы наурыздан бастап компанияның Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры болып жұмыс істеді.

Еске салсақ, ҰҚК "Қазатомөнеркәсіптің" топ-менеджерлерін ұстағаны туралы хабарлаған едік. Іс "Самұрық-Қазына" және ҚТЖ-ның экс-басшылығымен байланысты. Омарбековпен бірге іс бойынша басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Осы оқиғадан бір күн өткен соң "Қазатомөнеркәсіп" оның және коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байгужиннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын мәлімдеді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.