Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакинаның Торонтодағы (Канада) WTA 1000 турнирінің финалына шыққаны үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Торонтода (Канада) өткен WTA 1000 санатындағы турнирдегі өнерін аяқтады. Жарыстың финалдық кездесуінде ол польшалық спортшы Ига Швёнтекке 2:0 (6:2, 6:3) есебімен есе жіберді. Шешуші матчке шығып, финалист атанғаны үшін Рыбакина 564 920 доллар (262,8 миллион теңге) табыс тапты.
Шешуші матч 13 тамыздан 14-іне қараған түні өтіп, 6:2, 6:3 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды.
Швёнтек бірде-бір эйс жасай алмады, бір рет қос қателік жіберіп, бес брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Рыбакина бір эйс жасап, төрт рет қос қателікке бой алдырды және екі брейк-пойнт мүмкіндігінің ешқайсысын орындай алмады.
Жеңілістен кейін Рыбакина өз жанкүйерлерін, сондай-ақ қарсыласын және оның командасын турнирді сәтті өткізуімен құттықтады.
Еске сала кетейік, Canadian Open турнирінің жүлде қоры 1 миллион 85 мың 200 долларды құрады. Турнир финалына шыққаны үшін Рыбакина әлемдік рейтингте 650 ұпай иеленді. Финалға барар жолда қазақстандық спортшы Үлкен дулыға турнирлерінің екі дүркін чемпиондары - Наоми Осака мен Кори Гауффты қатарынан жеңген болатын.