9,4 млрд доллар: еліміздің халықаралық резервтері өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Елена Рыбакина US Open финалына шықты

Елена Рыбакина US Open финалына шықты
Фото: ашық дереккөзден алынды

Қазақстанның һәм әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет US Open турнирінің финалына шықты. Жартылай финалда ол америкалық Коко Гауффты үш сетке созылған тартысты кездесуде 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды kznews.kz.

Нью-Йорктегі Артур Эш стадионында өткен матчта жанкүйерлердің басым бөлігі алаң иесі Гауффты қолдады. Бірінші сетте америкалық теннисші сол қолдауды тиімді пайдаланып, 6:3 есебімен басым түсті. Алайда Рыбакина екінші сеттен бастап ойынын өзгертіп, өзінің басты қаруы – қуатты соққылары іске қосты.

Екінші сетте қазақстандық теннисші 6:4 есебімен жеңіп, таразы басын теңестірді. Шешуші партияда да Рыбакина қарсыласына қысымды күшейтіп, 5:3 есебімен алға шықты. Гауфф соңына дейін қарсылық көрсеткенімен, Рыбакина тағы да 6:4 есебімен жеңіске жетіп, US Open-дегі алғашқы финалына жолдама алды.

Бұл жеңістің символдық мәні де ерекше. Рыбакина US Open ширек финалында Қытай өкілі Чжэн Циньвэньді 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңгеннен кейін мансабында алғаш рет WTA әлемдік рейтингінің бірінші орнына шығатыны белгілі болды. Жаңартылған рейтингте ол Арина Соболенконы ығыстырып, әлемнің бірінші ракеткасы атанады. Рыбакина әйелдер теннисі тарихындағы әлемдік рейтингті басқарған 30-шы теннисші болмақ.

Енді тағдырдың қызық тоғысуын қараңыз: US Open титулы үшін әлемдік рейтингтің жаңа көшбасшысы Рыбакина мен қазіргі №1 Арина Соболенко кездеседі. Беларусь теннисшісі жартылай финалда америкалық Джессика Пегуланы 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

27 жастағы Рыбакина бұған дейін 2022 жылы Уимблдонды, ал 2026 жылы Australian Open турнирін жеңіп алған. Енді ол мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулына қол созып отыр.

Әлемнің бірінші ракеткасы атану кездейсоқтық емес екенін Рыбакина Гауффпен өткен аса ауыр матчта тағы бір дәлелдеді. Мыңдаған жанкүйер қарсыласын қолдап тұрған сәтте алғашқы сеттен кейін ойынға қайта оралып, жеңісті жұлып алу – үлкен шеберлік пен мінездің белгісі.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.