"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елде қарызға алған қаражатты игермегені үшін жауапкершілікке тартатын болды

Елде қарызға алған қаражатты игермегені үшін жауапкершілікке тартатын болды

Қарызға алған қаражатты белгіленген мерзімде игермегені үшін жауапкершілік енгізіледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы құжатты қарау кезінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қарыз алуды жетілдіру аясында қарызға алған қаражатты белгіленген мерзімде игермегені үшін жауапкершілік енгізіледі. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға үшінші тұлғалар үшін борыштық міндеттемелерді қабылдауға тыйым салынады», - деді министр.

Оның айтуынша, заң жобасында нақтылау сипатындағы түзетулер де көзделген.

«Республикалық бюджетті нақтылау жағдайлары айқындалатын болады. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының мазмұнын нақтылау көзделеді. Заң жобасын қабылдау, бюджеттік рәсімдерді жетілдіруге және бюджетті атқару сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деді Әсет Ерғалиев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Құжатта бюджеттік тәуекелдер мен мемлекеттік қаржының тұрақтылығы туралы есепті жыл сайын Парламентке республикалық бюджеттің жобасымен енгізу ұсынылды.

Автор
Еркебұлан