Boeing компаниясы әлемдегі ең ұзын ұшақты таныстырды
18 наурыз, 2019
Boeing компаниясы әлемдегі ең ұзын ұшақты таныстырды
АҚШ-та әлемдегі ең ұзын Boeing-777X лайнері таныстырылды.
Boeing компаниясының мәліметінше жаңа ұшақтың ұзындығы 77 м, қанаттары 72 м. Бұл ұшақтың ерекшелігі – қанаттарының жиылатындығында. Сондай-ақ екі қозғалтқышы бар. Ұшаққа 400-425 жолаушы сыяды. Жанармайды да аз жағады.