KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Бес адамның өмірін қиған өртке қатысы бар деген күдікті ұсталды

• Айжан Сыланова
Фото: Ertenmedia.kz

Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке қатысты күдікті әйел ұсталды. Құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаға қасақана өрт қою себеп болуы мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды kznews.kz.

Еске салайық, 26 қарашаға қараған түні Алматының Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үй өртеніп, өртті сөндіру барысында ішінен бес адамның мәйіті табылған болатын. Осы дерек бойынша қылмыстық істер тіркеліп, арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қайғылы оқиғаға жеке бас араздығы негізінде жасалған қасақана өрт қою себеп болған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 37 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →