Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Берлинде авторлық құқық реформасына қарсы шеру өтті

Берлинде авторлық құқық реформасына қарсы шеру өтті

Cенбі, 2 наурызда Берлинде шамамен 3,5 мың адам Еуроодақтағы авторлық құқық реформасы мен интернетке жүктелген ақпаратты құқықтық тұрғыда тексеруге мүмкіндік беретін (upload-filter) технологияға қарсы шеруге шықты.

Одақ көлемінде жоспарланып отырған реформа Youtube сияқты коммерциялық платформа қолданушыларының авторлық құқық бойынша міндеттерін қатайтуды көздейді. Сыншылардың пікірінше, егер мұндай өзгеріс енгізілсе, қолданушылардың плафтормаларды пайдалану мүмкіндіктері шектелуі мүмкін. Мысалы, жаңалықтардан алынған үзінділерді пайдаланған қолданушы контенті "заңсыз" болып кетуі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде интернетте пікір алуандығын шектейді деп санайды реформаға қарсы белсенділер.

2016 жылы Еуропа комиссиясы авторлық құқық туралы заңды жаңа цифрлық талаптарға сәйкестендіру үшін жаңа ережелер енгізуді ұсынған. Ол кезде құқық иелерінің еңбегіне орынды баға бекіту қажеттігі туралы айтылған. Жаңа ережелер платформа иелерінен сайтта біреудің еңбегін рұқсатсыз пайдаланбауға кепілдік беруді талап еткен.


Азаттық
Автор
Жандос