"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бақтияр Артаев ішімдіктен емделген зілтемірші Алмас Өтешовті лауазымды қызметке тағайындады

Бақтияр Артаев ішімдіктен емделген зілтемірші Алмас Өтешовті лауазымды қызметке тағайындады

Тағайындауға қатысты спорт басқармасы ресми хабарлама таратты

Қызылорда облысының спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев ауыратлет Алмас Өтешовті лауазымды қызметке тағайындады, деп хабарлайды Kznews.kz 

Осыған қатысты облыстық басқарма ресми хабарлама таратты.

«Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Б.Артаевтың бұйрығына сәйкес, 12 маусымнан бастап Алмас Өтешов Дәулетярұлы басқармаға қарасты «Олимпиадалық резерв даярлау орталығы» КММ директорының орынбасары қызметіне тағайындалды», - делінген басқарма хабарламасында.

Алмас Дәулетярұлы – ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы.

Осы уақытқа дейін яғни бес айға жуық басқармаға қарасты «Мұз айдыны» мекемесінде әдіскер болып қызмет атқарды.

Айта кетейік, зілтемірші Алмас Өтешов «Уақыт көрсетеді» подкастына шығып, ішімдіктен емделгеннен кейін қандай күйде екенін айтып берген болатын.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.