Ұлытау облысында 300 пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Балаева журналистен қашқан депутат Армангүл Тоқтамұратқа қатысты мәлімдеме жасады

Балаева журналистен қашқан депутат Армангүл Тоқтамұратқа қатысты мәлімдеме жасады
Фото: rtrk.kz

Соңғы күндері Құрылтайдың бірқатар депутаттарына, соның ішінде олардың тұрғын үй мәселесіне қатысты әлеуметтік желілерде түрлі алыпқашпа әңгімелер тарап, орынсыз пікірлер айтылып жатыр. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл жағдайдың буллингке ұласып бара жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің айтуынша, мәдениет және медиа саласы қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесі жүйелі түрде шешіліп келеді. Алғашқы жылдары журналистерге пәтер редакциялар ұсынған тізім бойынша берілген. Кейін тұрғын үй сала қызметкерлеріне тиісті қағидаларға сәйкес, меншігінде жылжымайтын мүлкі жоқ азаматтарға ғана беріліп келеді.

Министр мемлекеттік органдар мен Құрылтай депутаттары БАҚ өкілдерін қызықтырған мәселелер бойынша қажетті түсініктеме беруге тиіс екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол журналистерді кәсіби әдеп нормаларын сақтауға шақырды.

«Қудалау, жеке басқа тиісу, айла-шарғы жасау, елең еткізер тақырып үшін әдейі арандату кәсіби журналистке жараспайды», – деді министр.

Оның айтуынша, «Масс-медиа туралы» заңның 26-бабы 4-тармағына сәйкес, кәсіби әдеп нормаларын сақтау – журналистің міндеті.

Министр журналистерді аккредиттеу қағидалары мен іс-шаралар регламентін ғана емес, кәсіби әдеп талаптарын да сақтауға шақырды.

«Сыйластық сапалы журналистиканың дамуына әрдайым ықпал етеді», – деді ол.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі