Ұлытау облысында 300 пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Үйі бола тұра мемлекеттен тағы да үй алған депутат”: Министр депутат Армангүл Тоқтамұраттың видеосынан кейін мәлімдеме жасады

“Үйі бола тұра мемлекеттен тағы да үй алған депутат”: Министр депутат Армангүл Тоқтамұраттың видеосынан кейін мәлімдеме жасады
Коллаж ozgerisinfo.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында Құрылтай депутаттарына қатысты тараған түрлі әңгімелер мен әлеуметтік желідегі буллинг мәселесіне қатысты пікір білдірді. Ол әсіресе депутаттардың тұрғын үйіне байланысты тараған ақпараттарға тоқталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мәдениет пен медиа саласында еңбек ететін мамандарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі жүйелі түрде шешіліп келеді.

Балаева тұрғын үй беру тәртібінің де өзгергенін атап өтті. Бұрын пәтерлер редакциялар ұсынған тізім негізінде берілсе, қазір баспана тек өз атында жылжымайтын мүлкі жоқ сала қызметкерлеріне ғана қарастырылады.

Сонымен қатар министр мемлекеттік органдар мен Құрылтай депутаттары журналистер қойған сұрақтарға барынша түсініктеме беруге тиіс екенін айтты.

Алайда Аида Балаева журналистердің кәсіби әдепті сақтауы маңызды екенін ескертті. Оның сөзінше, арандату, адамның соңынан қуалау, жеке басына тиісу және түрлі айла қолдану журналистика талаптарына сай емес.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.