Бұдан былай педагог оқушының қауіпсіздігі үшін тек мектеп аумағында, сабақ уақытында және өзінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында ғана жауапты болады, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов Threads парақшасында жазды. Оның айтуынша, "Педагог мәртебесі туралы" заңға маңызды өзгеріс қабылданып, авторлық заң жобасы Сенатқа жолданған.
"Бұдан былай педагог оқушының қауіпсіздігі үшін тек мектепте, сабақ уақытында және өз лауазымдық міндеттері аясында ғана жауапты болады. Президент тамыз кеңесінде ұстаздардың жауапкершілігі тек оқу-тәрбие процесімен шектелуі тиіс екенін қадап айтқан болатын. "Педагог мәртебесі туралы" заңға маңызды өзгеріс қабылданып, авторлық заңымыз Сенатқа жолданды", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.