Каспий құбыр консорциумы мұнай жөнелтуді қайта тоқтатты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Бала күтіп жүр»: желіде Динара Сәтжанның жүкті болуы мүмкін деген болжам қызу талқыланды

«Бала күтіп жүр»: желіде Динара Сәтжанның жүкті болуы мүмкін деген болжам қызу талқыланды
Динара Сәтжан. Фото: Instagram/dinarasatzhan

Әлеуметтік желіде танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның қатысуымен түсірілген видео кеңінен таралып, желі қолданушылары оның жеке өміріне қатысты түрлі болжам айта бастады, деп хабарлайды Kznews.kz Sn.kz-ке сілтеме беріп.

Видеода Динара Сәтжан іс-шара жүргізіп, үздік қас маманы туралы пікір білдірген. Алайда көрермендердің назарын оның сөзі емес, сырт келбеті аударған.

Желі қолданушылары тележүргізушінің жүкті болуы мүмкін екенін айтып, пікірлерін жарыса жазған.

"Маған солай көрініп тұр ма әлде шынымен жүкті ме", "Меніңше аяғы ауыр", "Бала күтіп жүр ме", "Динара жүкті", – деп жазған олар.

Әзірге Динара Сәтжан бұл пікірлерге қатысты ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ.

Еске салайық, тележүргізуші жуырда кәсіпкер Жұмабек Жанықұлға тұрмысқа шыққан болатын. Бұған дейін ол сұхбаттарының бірінде ана атану үшін қажет болса, ЭКО әдісіне де жүгінуге дайын екенін айтқан.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер