"Олардікі сандырақ..." Путин Ресейдегі жаңа мобилизация туралы ақпаратты жоққа шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Аяғы ауыр-ау”: Тұрсынбек Қабатовтың жарына қатысты видео желіде талқыланды

“Аяғы ауыр-ау”: Тұрсынбек Қабатовтың жарына қатысты видео желіде талқыланды

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызына қатысты видео әлеуметтік желіде таралып, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.

Видео авторы кадрдағы Айман Талғатқызының жүкті екенін жазған. Алайда бұл ақпаратты оның өзі немесе Тұрсынбек Қабатов ресми түрде растаған жоқ.

Жазба көпшілік арасында түрлі пікір туғызды. Кейбір қолданушылар отбасының қуанышын қолдап, әзілкештің көпбалалы болуына оң бағасын берсе, енді бірі қызғаныш сипатындағы пікірлер қалдырған.

«Ол да айырылып қалмаудың амалын жасайды ғой», «Бесеу болғанда басқаға кетіп қалмасын», «Тұрсынбек үшіншісін алса жақсы болар еді», «Тұрсынбек жарады, ұрпағын көбейтіп жатыр», «Декретте балалармен отырғанда жаңа қыз тауып алмасын» деген пікірлер жазылды.

Осылайша, Айман Талғатқызына қатысты тараған видео желіде қызу талқыға түсті. Жүктілік туралы ақпараттың рас-өтірігі әзірге белгісіз.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.