Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан ұлы Даниалдың қалыңдығы Айнұрды ұзатып алып, шаңырағына келін түсірді. Тойдан түсірілген кадрларды жүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Динара Сәтжан келін түсіру рәсімінің аяқталғанын «Миссия орындалды» деген қысқа жазбамен жеткізді.
Алайда желі қолданушыларының назары әсіресе беташар рәсіміне ауды. Жарияланған видеодан келіннің сәлем салу рәсімі түнгі уақытта өткенін көруге болады. Бұған қоса, оқырмандар беташар кезіндегі дәстүрдің орындалуына қатысты пікір білдірді.
Кейбір қолданушылар келіннің сәлем салу мәнерін сынға алып, оның жанында тұрған әйелдердің орамал тақпағанын сөз етті. «Екі келіннің екі жағында ешкім ұстап тұрған жоқ, бес-алты адамға не беташар?», «Кеудесін ұстап сәлем етпейді ғой», деген пікірлер жазылды.
Желіде бұл мәселеге қатысты түрлі көзқарас айтылды. Бірі ұлттық дәстүрдің дұрыс орындалмағанын сынға алса, енді бірі мұндай ұсақ-түйекке мән бермей, жас жұбайларға бақыт тіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Динара Сәтжан келін түсіруді үлкен жауапкершілік деп санайтынын айтып, балаларының бақытты болғаны өзі үшін маңызды екенін жеткізген еді.