Продюсер Баян Алагөзова алғаш рет «Қыз Жібек» фильміндегі басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешовамен жүздесіп, ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды kznews.kz.
Кездесу барысында продюсер бұған дейін берген уәдесін орындап, актрисаға бағалы тон мен эксклюзивті әшекей бұйымдарын тарту етті. Сонымен қатар ол Өтекешоваға өзі қалаған ауданнан пәтер алып беретінін мәлімдеді.
Кездесу кезінде көзіне жас алған актрисаға Баян Алагөзова жүрекжарды сөздерін айтып, оның қазақ өнеріндегі орны ерекше екенін атап өтті. Продюсер актрисаның лайықты жағдайда өмір сүруге толық құқығы бар екенін айтып, екі ай ішінде қалаған жерінен пәтер таңдап беруге уәде етті.
Сондай-ақ ол Меруерт Өтекешованы көптен бері ерекше құрметтеп, өнеріне әрдайым тәнті болғанын жеткізді.
Кездесу барысында Баян Алагөзова актрисаның кішкентай қыздарына арнап әкелген сыйлықтарын да көрсетті. Продюсер бұл сыйлықтардың өзі үшін аса құнды екенін айтып, оларды балаларына «нағыз Қыз Жібек сыйлаған дүние» ретінде сақтайтынын жеткізген.