Продюсер Баян Алагөзова «Қыз Жібек» фильміндегі камзолға қатысты жаңа мәлімдеме жасап, оның қазіргі уақытта өзінде екенін және қауіпсіз жерде сақталып тұрғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Ол жариялаған бейнежазбада камзолды қайта көрсетіп, киімнің қауіпсіз жерде тұрғанын атап өтті. Продюсердің айтуынша, бұл жәдігер оған ұзақ уақыт бойы сақтаған әйелдің сыйы ретінде табысталған.
Сондай-ақ Баян Алагөзова фильмде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешеваға арнайы үндеу жасап, ризашылығын білдірді. Ол актрисаға сый ретінде тон тарту етіп, қосымша өмір бойы ай сайын 1 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетуді ұсынды.
– Меруерт апай, сізге өзімнің құрметімнің белгісі ретінде тон сыйлағым келеді. Сонымен қатар мен және жолдасым сізге өмір бойы ай сайын 1 миллион теңгеден төлем жасап тұруды жөн көрдік, – деді продюсер.
Еске сала кетейік, «Қыз Жібек» фильміндегі камзол бұған дейін кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтың отбасының иелігіне өткен еді.