Саяси қуғын-сүргін сюжеті: қызыл террордан қашып құтылған адам
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлытаулықтар қазақ өнерінің аңызы Меруерт Өтекешоваға ат мінгізді

Ұлытаулықтар қазақ өнерінің аңызы Меруерт Өтекешоваға ат мінгізді
ашық дереккөзден

Ұлытау облысының тұрғындары қазақ киносының аңыз тұлғасы, "Қыз Жібек" фильмі арқылы қалың көрерменнің жүрегінен орын алған Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешоваға құрмет көрсетті, деп хабарлайды kznews.kz.

Жаңаарқа ауданында республикалық "Арқа аруы" байқауы өтті. Депутат Аманжол Әлтай бұл мәдени шараны өмірден өткен жары Ақмарал Әлтайдың рухына арнап ұйымдастырған.

Іс-шараға Жаңаарқа өңірінен шыққан бірқатар азаматтар қатысты. Олардың қатарында Қанат және Света Айтбаевтар, тележүргізуші Динара Сәтжан да болды.

Байқаудың құрметті қонағы ретінде Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешова шақырылды. Ұлытау жұртшылығы өнер иесіне ерекше ілтипат білдіріп, қазақы дәстүрмен ат мінгізді.

Бұл құрмет көпшілік тарапынан жылы қабылданып, ел арасында қазақ өнерінің көрнекті өкіліне көрсетілген лайықты сый ретінде бағаланды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер