Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Баян Алагөзова уәдесінде тұрып, Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады

Баян Алагөзова уәдесінде тұрып, Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандық танымал продюсер Баян Мақсатқызы осыдан екі жарым ай бұрын берген уәдесін орындап, Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешоваға жаңа пәтер сыйлады. Қуанышты сәттің видеосын продюсер өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бейнежазбада Баян Мақсатқызы актрисаны жаңа баспанасына бастап кіріп, пәтерді толық таныстырады. Заманауи үлгіде әрленген кең әрі жарық үйдің қабырғасына суретші Ботагөз Ақанаева салған Меруерт Өтекешованың арнайы портреті ілінген. Бұл тосын сый халық әртісіне ерекше әсер қалдырды.

Жаңа баспананы аралап шыққан Меруерт Өтекешова қуанышын жасыра алмай, әсерімен бөлісті.

– Әдемі, жайлы... Сөзбен айтып жеткізе алмай тұрмын. Мұндай сый күтпедім. Үлкен рақмет, – деді ол.

Продюсер актрисаға тек жаңа пәтердің кілтін табыстап қана қоймай, тағы бір тосынсый жасады. Ол Меруерт Өтекешоваға Түркиядағы бес жұлдызды қонақүйде демалуға арналған жолдаманы сыйға тартты.

– Сіз – халық әртісісіз. Сіз мұның бәріне әбден лайықсыз. Біз сізді жақсы көреміз әрі еңбегіңізді жоғары бағалаймыз, – деді Баян Мақсатқызы.

Айта кетейік, осыдан екі жарым ай бұрын Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлайтынын мәлімдеп, көпшілікке уәде берген болатын. Арада уақыт өткен соң продюсер айтқан сөзінде тұрып, жаңа баспананың кілтін халық әртісіне салтанатты жағдайда табыстады.

Бұл игі іс әлеуметтік желі қолданушыларының жылы пікіріне ие болып, көпшілік Баян Мақсатқызының уәдесіне адалдығын жоғары бағалады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.