"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әуежайда жылан уы толтырылған шишаларды алып өтпек болған қазақстандық ұсталды

Әуежайда жылан уы толтырылған шишаларды алып өтпек болған қазақстандық ұсталды

Астана, BAQ.KZ. Астана әуежайында жыланның уы бар ампулалармен шетелге ұшпақ болған ер адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады.

"59 жастағы Қазақстан азаматы КС-103 «Астана-Киев» әуе рейсімен ұшып шықпақ болған. Одан 64 ампула «Vipera Levetana» (қарасұр жыланның уы) дәрісі табылып, тәркіленді», - делінген баспасөз хабарламасында.

ҰҚК Шекара қызметінің ақпаратына сәйкес, соңғы күндері шекарашылар бірнеше өңірде дәрі-дәрмектерді заңсыз алып өту әрекетінің жолын кескен.

Мәселен, Зайсан шекара жасағына қарасты «Майқапшағай» өткізу пункітінің шекара наряды 30 қараша күні «Үрүмжі - Зайсан» бағытындағы жолаушылар автобусын тексерген. Оның барысында 1983 жылы туған қазақстандық азаматшаның қол жүгінен жалпы салмағы 11,4 кг қытай дәрі-дәрмегі табылған.

«Препараттардың рұқсат қағаздары болмаған. Олар тәркіленіп, Майқапшағай кеден бекетіне тапсырылды», - деді Шекара қызметінен.

Айта кетейік, қарасұр жылан аса қауіпті жыландардың қатарына жатады. Көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда Қызыл кітапқа енгізілген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Мадияр