75 мың білім гранты кімдерге бұйырады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Әрқайсысының өмірімде өз орны бар”: Бекболат Тілеухан халыққа үш әйелін таныстырды

“Әрқайсысының өмірімде өз орны бар”: Бекболат Тілеухан халыққа үш әйелін таныстырды
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Бұрынғы Мәжіліс депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бекболат Тілеухан журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында отбасы, жұбайлары мен балаларына қатысты көпшілік көкейіндегі сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі жеке өміріне қатысты мәселелерді жария түрде талқылауды құптамайтынын айтып, отбасы тақырыбы әркімнің жеке кеңістігі екенін жеткізді. Соған қарамастан, журналист қойған бірқатар сұрақтарға қысқаша пікір білдірді.

Бекболат Тілеуханның айтуынша, анасы оның үшінші жұбайымен әлі күнге дейін жүздесіп үлгермеген.

«Төсегімдегі әңгімені жария етпей-ақ қояйық. Раушан, Кенже, Жанар – балаларымның аналары. Олардың әрқайсысын құрметтеймін. Қазір бірдеңе айтып қалсам, балаларымның көңіліне тиюі мүмкін. Раушанның да, Кенженің де, Жанардың да жақындары бар. Ешкімнің көңіліне қаяу салғым келмейді», – деді ол.

Сұхбат барысында журналист экс-депутаттан өмірді қайта бастау мүмкіндігі берілсе, тағы да дәл осындай таңдау жасап, үш рет шаңырақ көтерер ме едіңіз деген сауал қойды.

Бұл сұраққа жауап берген Бекболат Тілеухан өткен өміріне өкінішпен қарамайтынын және бәрін тағдырдың жазуы деп қабылдайтынын айтты.

«Бұл – менің тағдырым. Коммунист Бауманның "екінші рет өмірге келсем де, осы жолмен жүрер едім" деген сөзі бар. Сол секілді Алла Тағала маған иманды, қазақтың ардақты қыздарын жар етіп нәсіп етті. Әрқайсының менің өмірімде өз орны бар», – деді ол.

Сонымен қатар бұрынғы депутат балаларының болашақта өзге ұлт өкілдерімен шаңырақ көтеруіне үзілді-кесілді қарсы емес екенін жеткізді. Дегенмен олардың өмірлік серігі ислам дінін ұстанатын адам болғанын қалайтынын жасырмады. Сондай-ақ ол балаларының мамандық таңдауы мен діни көзқарасына ата-ананың толық ықпал ете алмайтынын, мұндай шешімдерді әр адам өз еркімен қабылдайтынын атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.