Арал проблемасы бүкіл дүние жүзі халықтарын алаңдатуда тегін реферат
28.12.2020
01:22
0
6
Тақырыбы: Арал проблемасы бүкіл дүние жүзі халықтарын алаңдатуда
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
Арал проблемасы бүкіл дүние жүзі халықтарын алаңдатуда І. Арал теңізінің экологиялық ахуалы ІІ. “Возрождение” аралы алапат апаттың араны ІІІ. Қатерлі ауруларға шалдыққан аралдықтарҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР Кіріспе Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпашылықтың дәрежесі орасан екендігі соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөленбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі әбден мүмкін. Өйткені қоршаған ортаның ластануы ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық. Арал - Қазақстан жеріндегі Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогондік әрекеттерге дейін ( 1960 – 70 ж. ) дүние жүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы аралдарымен қосқанда 66,1 мың км кв, орташа тереңдігі 16,1 м, ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69 000 мың км кв. болған. Сол кездерде жылына 50 - 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м - ге төмендеді. Аралдың ауыр ахуалын Кеңес үкіметі кезіндегі ең жоғарғы лауазымды мемлекет және партия қайраткерлері білді. Бірақ, біле тұра тақап келе жатқан апат туралы ащы шындықты халықтан жасырды. 1988 жылы Көкарал аралы Оңтүстік құлықпен қосылып кетті. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Суы тайыз, тартылуы да қарқынды Кіші теңіз – Қазақстан жағында, ал Үлкен теңіз - Өзбекстан жағында қалды. Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің “сақ шығанағы” деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі ( Окс – Сырдарияның грекше аты ) деп атаған. Кейін Птоломей оның географиялық орнын анықтаған. Арал теңізінің Хорезм, Жент, Кердері сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Али Ахмед ибн Русте, Әбу Исхақ әл - Истахри, Әбу Абдаллаһ, Мұхаммед әл - Идриси, Әбу – л - Фида, сондай - ақ Әбілғазы жазбаларында Арал туралы деректер көптеп кездеседі. Теңіз табиғатын жан - жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848 – 49 ж. әскери теңізші, әрі зерттеуші А. И. Бутаковтың экспедициясы Арал теңізінің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет И. А Стрельбицкий анықтаған. 1874 ж. геодезист А. А. Тилло теңіз деңгейін өлшеп, солтүстік - батыс жағына қада орнатты. Теңіз суының химиялық құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870 – 73 ж. жарық көрді. 1900 – 1903 ж. теңіздегі және оның маңайындағы кешенді географиялық және гидрологиялық зерттеулер Л. С. Бергтің басшылығымен жүргізілді. Одан кеіінгі жылдары теңізді зерттеумен көптеген ғылыми - зерттеулер және жобалау институттары шұғылданды. Қазақстанның, сонымен бірге бірқатар шет елдік ғылыми -зерттеулер мекемелері Арал теңізін зерттеу мәселесімен айналысты. Бірнеше халықаралық қоғамдар, ұйымдар құрылған. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нәтижесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота - жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі тереңдігі 20 – 25 м, бұл теңізде жалпы ауданы шамамен 2235 км кв. болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. Кезіндегі ең ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение, т. б. Солтүстігінде биік және жайпақ жағалаулар кезектесіп отырады. Олар терең шығанақтармен тілімделген, шығыс жағасы жазық және құмды, шағын шығанақтар мен жаға маңы аралдары көптеп кездеседі, оңтүстіктегі жағасы Әмударияның атырауынан тұрады, батыс жағасының тілімденуі шамалы, бұл тұстағы биіктік 250 метрге жететін Үстірттің жарлауыт қабықтарынан тұрады. Арал теңізінде орталық Азияның 2 аса ірі өзені Амудария мен Сырдария құяды. Климаты континеттік, құрғақ, ауаның орташа температурасы жазда 24 - 26 С, қыста - 7,0 – 13,5 С. Жылдық жауын -шашынның орташа мөлшері шамамен 100 - 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су теңдестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын - шашынның мөлшері 5,9 км, өзен ағындысы 54,8 км, көл бетініен буланған ылғал 60,7 км. 1970 жылдан бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болатындықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан - жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық ауытқуы 3 м - ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық құбылмалылық болмаса су деңгейінің көпжылдық ауытқуы көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының теспературасы жазда 26 – 30 С, қыста 0 С - тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұздылығы табиғи жағдайда 9 - 14 % болатын, соңғы он жыл ішінде 25 - 30 % - ке дейін өсті. Суы мөлдір, 25 м - ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. Арал проблемасы бүкіл дүние жүзі халықтарын алаңдатуда Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіл планетаның бас ауруына айналып отыр. Оны сауықтыру бағытында Орталық Азиядағы бес мемлекет – Қазақстан, Қырғыстан Тәжікстан, Өзбекстан және Түркменстанның президенттері бірнеше рет кездесті. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес, көптеген Шығыс елдерінің тыныс - тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі - жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т. б. мемлекеттер. Мемлекет басшыларының шешімімен, Арал бассейнін қалпына келтіру жобаларына қолдау білдіру туралы шаралар айқындалды. Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия Елбасыларының 1993 жылдың қаңтарында Ташкентте қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1 - інші конференцияда жасалған келісім. Ол “ Арал теңізі және Арал аймағы мәселелері, экологиялық сауықтыруды, аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы келісім ” деп атады. Келісімге Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев, Қырғыстан президенті А. Ақаев, Тәжікстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Э. Ш. Рамонов, Өзбекстан Президенті И. А. Каримов, Түркменстан президенті С. А. Ниязов қол қойды. Келісімнің арнайы баптарында Арал теңізі бассейніндегі экологиялық дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақты қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және арал аймағының әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттіліктерді өтейтін істерге тікелей назар аударылды. Келісімді орындайдың алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылды, олардың ұйымдық мәселелері шешілді. БҰҰ - ның Бас Хатшысына Орталық Азия Елбасыларының атынан үндеу жолданды. Онда Аралды сақтап қалуға, Арал аймағының келесі мәселелерін шешуге арналған салаларға дүние жүзілік қауымдастықтың назары аударылды. Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекет аралық кеңес – Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері Елбасылары кеңесінің атқарушы органы. 1993 жылдың 26 наурызында Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 кісі және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемлекет аралық кеңесті әр жылда Орталық Аизя елдері кезекпен басқаратын болып шешілді. Алғашқы кезек Өзбекстан Республикасына берілді. Кеңес өзінің атқарушы кеңестің, су мәселері жөніндегі, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми - техникалық және экологиялық даму жөніндегі комиссияларын бекітті. “ Сырдария ” және “ Әмудария ” бассейндік су шаруалары басқармаларын Кеңестің су мәселелері жөніндегі комиссиясы басқаратын болды. Кеңес өз жұмысын Халықаралық Арал қорымен және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізді. Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар – Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс - қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім. 1990 жылдың 24 – 26 қаңтарында БҰҰ - ның қоршаған орта бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды. Бұл халықаралық құжат “ Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу ” деп аталды. 1990 жылғы 11 – 12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде беікітілді келісім бойынша оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен “Диагностикалық құжат” жасалды. Бұл ұлкен ғылыми -тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. “ Диагностикалық құжат ” 1992 жылдың 4 тамызында ЮНЕП - тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған ҚР атынан Ұ. Қараманов, К. Салықов, Н. Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т. б. мекемелер қосыла отырып, орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және Халықаралық Арал қорының басшылығымен “ Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек Бағдарламасын ” іске қосты. Бұл тарапта 7 баңдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды. Осыған байланысты, кейінге ығыстыруға болмайтын нақты шара – осы өңірдің тұрғындарының халқының ахуалын жақсарту, жер асты суларын кеңінен пайдалану арқылы тұщы ауыз су жіберу, су құбырлары құрылысын жүргізу, “Көкарал” бөгеті құрылысын аяқтап, Кіші Аралды сумен толтыру. Теңіздің тартылуы салдарынан, ауаның орташа ылғалдылығы 18 пайызға төмендесе, ауа райының жылы кезеңдері бір айға қысқарды. Бұл өлкедегі бұрынғы 3000 - дай көлден қазіргі таңда 85 - і қалды. Аралдықтардың қазіргі жоспары Кіші теңізді суға толтырып, оны бұрынғы қалпына келтіру. “ Көкарал ” бөгетінің құрылыс құрылыс жұмыстарын аяқтау. Егер, “ Көкарал ” бөгеті болмаса, сырдария суы Үлкен теңіздің тереңдіктеріне ағып барып, үлкен айдынға жайылып, бостан - босқа буланып, ауға ұшатын еді. Кіші теңіз тола бастағаннан бері, оның табиғи байлықтары да көбейе бастады. Оның болашағы баянды болу үшін, Кіші теңізге Сырдарияның суын көбірек жеткізу мәселесін түбегейлі шешу қажет. Табиғат – бізге ата - бабамыздан мұраға қалған ең қасиеттіміз. Арал өңірін экологиялық апаттан құтқару үшін көпшіліктің күші, күресі қажет. Арал теңізінің экологиялық ахуалы Арал теңізінің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал шаруашылығымен және көкөніс - бақша өсірумен айналысады. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік - экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріедегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты жұмыс істеген. 1960 жылдырдан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікістанда 1,5, Түркменстанда 2,4, Қазақсатнда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтар саны 1960 - 1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970 - 1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды көп қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды. Орта Азияда су баратын жердің бәріне дерлік мақта егілді. Жердің әр гектарына жүздеген килограмм минералды тыңайтқыштар, ондаған килограмм улы химикаттар қосылды. Әр гектардан 23 центнер мақта алу үшін, мөлшердегіден екі есе артық су жұмсалды. Осындай құйтырқы әрекеттердің негізінде Аралдың табаны жалаңаштана бастады. Жағалау, теңіз порттарынан 40 - 50 шақырымға ұзап кетті. Ауа райы өзгеріп, жан - жануарлар дүниесі құрып, жоғала бастады, 178 түрлі жануарлардың арасынан қазіргі күні 38 - і қалыпты. Орта ғасырда Сейхун деп аталған Сыр өзенінің Фархад тауын жарып өтетін бір тармағына 1948 жылы Фархад ГЭС - і ашылса, бертін келе, алпысыншы жылдары, Шардары ГЭС - і, мұнан басқа – Тоқтағұл, Әндіжан, Шарбақ су қоймалары пайдалануға берілді. Бұл іс - әрекеттер көптеген суару - суландыру жүйелерін іске қосуға мүмкіншілік жасады. Жол жөнекей Сырдың суын әркім әлі келгенше жарып ала берді. Ақыр аяғы бір кездері кемерінен асып, төгіле аққан лай суының жойқын күшіне қарай Сейхун аталған. Мол өзеннің жұрнағы ғана Арал теңізіне жетіп жатты. Дәл осындай күйді теңіздің сыңарындай Амудария өзені де көріп жатты. Арал теңізіне негізгі суды әкеліп жатқан екі өзен жабылып, 60 - шы жылдардың басында 60 текше шақырым су берсе, 1980 жылдан бастап, жылына орта есеппен, 4 текше шақырым ғана су беріп келеді. Ал теңізге қажетті ылғалды беру үшін, кемінде жылына 40 - 45 текше шақырым су керек. Аралдың бұрынғы 66 мың шаршы шақырым су айдыныннан, қазір небәрі, шамамен 25 шаршы шақырымға жуық су айдыны қалып отыр. Орта Азияның егіс далаларында көптеген жылдар бойы мақтаның “ Солыма ” деген ауруына қарсы ДДТ химикаты пайдаланылған. Ол адам үшін өте қауіпті, өзі табиғат аясында ыдырау дегенді білмейді. Сол ДДТ және де басқа да улы химикаттар, көптеген жылдар бойы егіс алқаптарынан ақаба күйінде ағып шығып, теңізге келіп қосыла берген. Кейінгі жылдарда Арал өңірінде – малға, балыққа, құсқа қорек болып, адамдарды асырап келген жүздеген табиғи көлдер тартылып кетті. Аралдың балық аулау ауданында Арал теңізіне құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балық өңдеу зауыттары бұрын Әмударияның атырауынан, Аван кентіне, Бөген ауылында, бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алған Амударияның атырау тұсы Арал теңізі аталып ( аралдардың өте көп болуы себепті ), кейін теңіз түгелдей Арал атанған. Арал теңізі – Қазақстанның інжу - маржаны, шөл белдеміндегі бірден - бір көгілдір су айдыны еді. Мойнақтан Аралға дейін кемелер ерсілі - қарсылы жүріп жататын. Енді міне, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30 - 200 км - ге дейін қусырылды. Табанының біраз аумағы қолдан жасалған шөлге айналып шыға келді, оған “ Аралқұм ” деген ат та беріліп үлгерді. Аралқұмда улы тұздардың миллиардтаған тоннасы шөгіп жатыр. Судың тұздылығы 40 пайызға артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10 - 15 есеге өскен. Осындай анропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зиянды өте жоғары 2 млн. тонна тұз шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастайды. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:- жергілікті жердің тарихи - табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
- табиғи ресурстарын пайдалануға жіберген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады;
Қолданылған әдебиеттер
- “Экология және табиғатты тиімді пайдалану” Ә. Бейсенова, Т. Есполов
- Арал теңізінде орналасқан арал// “Егемен Қазақстан” 2004 жыл, 28 сәуір
- Арал аспанындағы атом жарылыстары//“Егемен Қазақстан” 2003 жыл, 29 қазан
- Арал өңірінің экологиялық проблемалары//”Атамекен” 2004 жыл, 24 маусым
- “Экология және таза су проблемалары” А. Баешов, Алматы 2003 жыл
- “Экология” Г. Оспанова, Алматы 2002
- Арал қайта тірілді//”Егемен Қазақтан” 2004 жыл,24 қараша
- “Экология негіздері” Ж. Жатқанбаев, Алматы 2004
- “Қазақстан” энциклопедия 2006
- “Экология” Байжомартов//Ақтөбе 2005
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ