Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банктің не ойлағаны бар?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда мемлекеттік қызмет реформаларының жаңа бағыты таныстырылды

Алматыда мемлекеттік қызмет реформаларының жаңа бағыты таныстырылды
Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай жұмыс сапарымен Алматы қаласына барып, мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртуға бағытталған реформаларды таныстырды, деп хабарлайды kznews.kz. 

Қала активімен өткен кездесуде Агенттік төрағасы Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның негізгі жаңашылдықтарына тоқталып, оның басты мақсаты – сервистік мемлекеттік аппарат қалыптастыру және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру екенін атап өтті.

Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидатын еске салып, мемлекеттік қызметшілердің қызметінде Әділетті Қазақстан идеясын, Заң мен Тәртіп қағидаттарын басшылыққа алуы маңызды екенін айтты.

Жаңа заң аясында мемлекеттік қызметтің мансаптық және позициялық үлгілерінің артықшылықтарын біріктіретін гибридті модель енгізіледі. Енді мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеу кезінде олардың мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке сектордағы функционалдық бағытқа сәйкес келетін еңбек тәжірибесі ескерілмек.

Сонымен қатар заңда мемлекеттік қызметшілердің адалдығы мен кәсіби этикасын нығайтуға бағытталған «мінсіз бедел» институты қарастырылған. Жас әрі талантты мамандарды мемлекеттік қызметке тарту үшін арнайы даярлау институты енгізіледі.

Кадрлық процестерді цифрландыру да реформаның маңызды бағытына айналды. Мемлекеттік қызметке іріктеу толықтай цифрлық форматқа көшіріліп, барлық конкурс рәсімдері «Е-қызмет» жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұдан бөлек, «Б» корпусы қызметкерлері үшін көлденең мансаптық ілгерілету тетігі іске қосылады.

Кездесуде цифрлық трансформация мәселелері де кеңінен талқыланды. Дархан Жазықбайдың айтуынша, цифрлық іріктеу жүйесі конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін арттырған. Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілердің жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «AI Qyzmet» бағдарламасы аясында бүгінде еліміз бойынша 60 мыңға жуық қызметші оқытудан өткен. Оның ішінде 2 700-ден астамы Алматы қаласының мемлекеттік қызметшілері.

Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Былтыр жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесіне сәйкес, азаматтардың 69 пайызы жемқорлықпен күреске жеке өзі қатысуға дайын екенін білдірген. Бұл қоғамдағы азаматтық жауапкершіліктің күшейіп келе жатқанын көрсетеді.

Жұмыс сапары барысында Агенттік төрағасы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенттерімен және жастарымен кездесіп, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа мүмкіндіктер туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары түлектерге аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурссыз орналасу мүмкіндігі ұсынылатыны айтылды. Бүгінде осы тетік арқылы республика бойынша 860 жас мемлекеттік қызметке қабылданған. Оның ішінде университеттің төрт түлегі бар.

Сондай-ақ Президенттік жастар кадр резерві мен алғаш рет өткізілген Өңірлік жастар кадр резервінің мүмкіндіктері таныстырылды. 2019 жылдан бері Президенттік жастар кадр резервіне 450 жас іріктелсе, 2024 жылы өңірлік резерв құрамына 546 жас енген. Оның 41-і Алматы қаласының жастары. Ал Сәтбаев университетінің 13 түлегі Президенттік жастар кадр резервіне, 17 түлегі өңірлік резервке қабылданған.

Сапар аясында Дархан Жазықбай мемлекеттік қызмет ардагерлерін «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапаттап, бірқатар мемлекеттік қызметші мен белсенді студенттерге Агенттік төрағасының грамоталары мен алғыс хаттарын табыстады.

Жұмыс сапарының қорытындысында Агенттік төрағасы «Almaty TV» телеарнасына сұхбат беріп, мемлекеттік қызметті жаңғыртуға бағытталған реформалардың маңызы, жаңа заңның ерекшеліктері және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөнінде кеңінен пікір білдірді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.