Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банктің не ойлағаны бар?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дүниежүзілік көшпенділер ойынына жауапты болған Наиль Нұров қамауға алынды

Дүниежүзілік көшпенділер ойынына жауапты болған Наиль Нұров қамауға алынды

Журналист Михаил Козачковтің мәліметінше, Астанадағы тергеу изоляторында отырған Наиль Нұровқа қатысты тергеу жалғасып жатыр. Ол 40 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Тергеу нұсқасына сәйкес, 2024 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстарын басқарған Наиль Нұров этноауыл құрылысына байланысты келісімшарт бойынша мердігерден пара талап етті деген күдікке ілінген. Айыптау тарабының мәліметінше, құны 500 миллион теңгеден асатын жоба бойынша ол келісімшарт құнының 10 пайызы көлемінде сыйақы сұраған.

Құқық қорғау органдары ақшаның күдіктіге қолма-қол берілгенін растайтын дәлелдер тапқанын хабарлайды. Сонымен қатар мердігер оның жеке қажеттілігі үшін металл жаппа орнату шығындарын да өтеген деген ақпарат бар. Тергеу дерегінше, келтірілген эпизодтар бойынша Нұров кемінде 40 миллион теңге алған деген күдікке ілінген.

Сот оған қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

59 жастағы Наиль Нұров әр жылдары бірқатар ірі жобаларда басшылық қызмет атқарған. Ол 2011 жылғы VII Қысқы Азия ойындары мен 2017 жылғы 28-Дүниежүзілік универсиаданы ұйымдастыру жұмыстарына да қатысқан.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.