Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбе қалалық тұрғын үй қорының жетекшісі ұсталды

Ақтөбе қалалық тұрғын үй қорының жетекшісі ұсталды

12 сәуір күні Ақтөбеде "алаяқтық жасады" деген күдікпен қалалық тұрғын үй қорының жетекшісі Жанаргүл Дүйсекенова қамауға алынды. Тергеу одан қызмет бабын пайдаланып, азаматтардан көп мөлшерде ақша алды деп күдіктеніп отыр.

Прокурордың сөзінше, Ақтөбе қалалық тұрғын үй қорының жетекшісі Жанаргүл Дүйсекенова 2015-2018 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдікпен берілетін пәтерлер үшін Ақтөбенің 40 тұрғынынан аса ірі мөлшерде ақша алған. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, шенеунік бұл әрекетін М. есімді азаматпен алдын ала сөз байласып, жүзеге асырған. Күдікті өзіне тағылған айыпты мойындамады.

- 15 жылдан бері мемлекеттік қызметте істеп жүрмін. Еңбек жолымды қоғамдық жұмыстардан бастадым. Қызметте ешкімнің қолдауынсыз, өз еңбегіммен өстім. Соттан тергеу изоляторына қамауды сұраймын, - деді Жанаргүл Дүйсекенова.

12 сәуір күні Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу соты 39 жастағы Жанаргүл Дүйсекенованы екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.


Azattyq
Автор
Арман