396 млн теңге пара, 12 жыл жаза: экс-әкім Кәрім Көкірекбаев түрмеде қалатын болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қызымды қызғандым”: Дариға Бадықованың анасы алғаш рет сұхбат берді

“Қызымды қызғандым”: Дариға Бадықованың анасы алғаш рет сұхбат берді
Фото: видеодан скриншот

Актрисаның анасы қызы мен Олжастың теледидардан бірге ән айтып тұрғанын көргенде, іштей қызғаныш сезімін бастан өткергенін жасырмады. Ол кезде қызының жанындағы жігітке қатысты түрлі ой келгенін айтты.

Актриса Дариға Бадықованың анасы қызы мен күйеу баласы Олжас Абайдың қарым-қатынасына қатысты бұрынғы көзқарасын айтып, алғашында қызын актерден қызғанғанын мойындады, деп хабарлайды kznews.kz.

«Теледидардан екеуінің бірге өлең айтып тұрған кезін көргенде, өз қызымды Олжастан қызғандым. Шын айтам. “Менің қызымда несі бар мынаның?” деп ойладым», – деді ол.

Алайда уақыт өте келе жұртшылықтың Дариға мен Олжасты жарасымды жұп ретінде көріп, екеуін жиі қосақтайтынын байқаған. Тіпті олардың отбасын құруына өзі де ақыл қосып, батасын бергенін жеткізді.

«Үйленетіндерінің алдында мен айттым: “Қызым, жұрттың бәрі шуылдап, сендерді қосып жатыр ғой. Неге үйлене салмайсыңдар?” дедім. “Қосылсаңдар, қосылыңдар” дедім. Мен ешқандай жаман ойға келген жоқпын. Бақытты болыңдар деп батамды бердім», – деді актрисаның анасы.

Актрисаның анасы әңгімесінде қызының бақытын тілеп, олардың шаңырақ көтеруіне қарсы болмағанын аңғартты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.