396 млн теңге пара, 12 жыл жаза: экс-әкім Кәрім Көкірекбаев түрмеде қалатын болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қонаевта мектеп баспалдағынан құлаған 11 жасар оқушы көз жұмды

Қонаевта мектеп баспалдағынан құлаған 11 жасар оқушы көз жұмды
Фото: ашық дереккөз

Оқиға 16 қараша күні екінші ауысымдағы сабақ басталар алдында болған.

Қонаев қаласындағы мектептердің бірінде қайғылы оқиға болып, үшінші қабаттан құлаған 11 жастағы оқушы ауруханада көз жұмды. Бала алған жарақаттарынан есін жимаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, алтыншы сыныпта оқитын оқушы ғимараттың үшінші қабатындағы баспалдақ қоршауына отырып, абайсызда тепе-теңдігін жоғалтқан. Салдарынан төменге құлап, ауыр жарақат алған.

Оқушы шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлер оған операция жасаған. Алайда баланың жағдайы ауыр болып, 18 қараша күні таңертең қайтыс болды.

Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғаған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқушының құлауына не себеп болғанын және қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.