396 млн теңге пара, 12 жыл жаза: экс-әкім Кәрім Көкірекбаев түрмеде қалатын болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан мұғалімдері мектеп директорларының үстінен жасырын шағымдана алады

Қазақстан мұғалімдері мектеп директорларының үстінен жасырын шағымдана алады
ашық дереккөз

Қазақстанда педагогтерге арналған арнайы байланыс орталығы іске қосылды. Енді мұғалімдер мектеп басшылығы тарапынан қысым көрсе, еңбек құқығы бұзылса немесе жалақыға қатысты мәселе туындаса, 1472 нөміріне хабарласып, құпия түрде шағымдана алады.  Байланыс орталығы «Ұстаз» платформасы аясында жұмыс істейді. Оның іске қосылғанын Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді., деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің айтуынша, бұған дейін мұғалімдер өз шағымдарына жауап алу үшін бірнеше ай күтіп, түрлі мемлекеттік мекемеге жүгінуге мәжбүр болған.

«Енді әр педагог 1472 нөміріне хабарласып, қажетті кеңес пен өз мәселесін шешуге көмек ала алады. Өтініштер педагогтердің құқықтарын сақтай отырып, құпия түрде қабылданады», – деді министр.

Арнайы желіге мектеп басшылығының қысымына қатысты ғана емес, жалақы есептеу кезіндегі келіспеушіліктер мен оқушылардың ата-аналарымен туындаған жанжалдар бойынша да хабарласуға болады.

Қазір байланыс орталығы сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Министрлік оның қызметін осы және келесі аптада тексермек.

Тоқаев мұғалімдерге қысым көрсетілетінін айтқан

Бұған дейін қазан айының соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушыларының кейде мұғалімдерге дөрекілік танытып қана қоймай, қол көтеретін жағдайлар бар екенін айтқан еді.

Мемлекет басшысының сөзінше, мұндай оқиғалар кезінде мектеп әкімшілігінің өзі де педагогтерге қысым көрсетуі мүмкін.

Президент Оқу-ағарту министрлігіне осындай жағдайларды бақылауда ұстауды тапсырған. Сондай-ақ мұғалімдерді балалармен жұмыс істеуге кедергі келтіретін артық есептіліктен босатуды талап еткен.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі