"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтау теңіз портының президенті қамауға алынды

Ақтау теңіз портының президенті қамауға алынды

Ақтау халықаралық теңіз сауда порты президенті Абай Түрікпенбаев ұсталды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазір халықаралық теңіз портының басшысы қазір тергеу изоляторында отыр.

Бейресми дерек бойынша бұл іс мұнай контрабандасына және елден заңсыз әкетпек болған Meliana танкеріне қатысты болуы мүмкін. 2023 жылы ҰҚК арнайы жасақтары "БатысНефтеТрейд" ЖШС-не тиесілі бұл танкерді басып алып, ұстаған. Тұрикпенбаев бұған дейін бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартқан еді.

Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Күні бойы Иран, Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан бағытында шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке және кері қарай әртүрлі құрғақ жүктерді, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдауға арналған.

Бүгінде Ақтау порты "Қазақстан теміржолы" компаниялар тобына кіреді. Бұл – "Жаңа Жібек жолы" жобасының маңызды буыны. Порт өз қызметін белсенді түрде әртараптандыруда, транзиттік тасымалдауды, соның ішінде контейнерлік тасымалдауды дамытып жатыр. Ол – Транскаспий халықаралық көлік маршрутының қатысушысы.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.