Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ Қытайдың бес мемлекеттік ақпарат құралын Америка аумағында тіркеу ережесін қатайтты

АҚШ Қытайдың бес мемлекеттік ақпарат құралын Америка аумағында тіркеу ережесін қатайтты

Трамп әкімшілігі 18 ақпанда Қытайдың бес ірі мемлекеттік ақпарат құралының АҚШ-тағы бөлімшесін тіркеуге байланысты жаңа ереже енгізді. Жаңа ереже Қытайдың "Синьхуа" агенттігі, China Global Television Network телеарнасы, China Daily басылымы, "Қытайдың халықаралық радиосы" және Hai Tian Development USA компаниясының "Жэньминь жибао" басылымына қатысты.

Оған сәйкес, бұдан былай бұл ақпарат құралдарының АҚШ-тағы бөлімшесі шетел елшіліктері ретінде қарастырылып, қызметкерлері мен корпоративтік мүліктерін мемлекеттік департаментте тіркеп отыруы тиіс.

"Бұл бес ұйымның барлығы да Қытайдың коммунистік партиясының үгіт-насихат аппаратының бір бөлшегі және олар жоғарыдан тікелей нұсқаулық алады. Олардың үнемі мемлекет бақылауында екенін білеміз, бірақ бұл бақылау уақыт өткен сайын күшейді және барған сайын өте агрессивті болып барады" деді аты-жөнін атамаған жоғары лауазымды шенеунік.

Қытай билігі өзгеріске байланысты әзірге ресми түрде реакция білдірген жоқ.

Оқи отырыңыз: Қытайлық журналистер марксизм-ленинизм және Си Цзиньпин еңбектерінен емтихан тапсырмақ

Azattyq
Автор
Айбар